Бұл дұниеде анасы жоқ қанша пенде, Өмірінің мағнасы жоқ жүр қүр сілде. Байлығымсыз асылымсыз бұл өмірде, Барыңызға шүкір деймін асыл Анам.
Құлыныңмын аялаған мәпелеген,
Ақ сүтіңді ақтайыншы ұланың мен. Болайын мен беліңе күш көзіңе нүр,
Жолында жол шырағың жаным Анам.
Сіз барда ешкімненде кем болмаймын мен,
Сіз барда жасқанбайды көзімде жасым.
Бұл дүніеде жалғыз ғана адал досым, Барыңызға шүкір деймін шүкір Анам.
Намазда дұға тіледің тәңірден сен, Аман жүрші әрқашанда құлыным деп. Кім ашынар өзіңізден бөлек маған, Барыңызға шүкір деймін шүкір Анам.