Жүр едім серуенде тал түсте мен,
Жер қара, әлі үстіне қар түспеген.
Шыққаны әлде дүкен, әлд мектеп,
Бір бала келе жатты нан тістеген.
Ендігі жартысы қалған ақ жүректі,
Лақтырып, табанымен басты, кетті.
Жүрегім шымыр етіп, ми қозғалып, Қайдағы еске салды тақсіретті.
...Ақ нанды қарғыс атқыр басқанда аяқ. Ұмтылып келдім дағы қолыма алып, Үргілеп, иіскедім, шаңын қағып,
Әлгі нан сөйлегендей болды маған.
Адамдай әрі мұқап, әрі налып:
— Кесапат осы күнгі болып жатқан.
Қарғысым қалың елді менің атқан, Құтырып кеткен жоқ па иттен жаман, Тойынса, асыраған иесін қапқан.
Қашанда ұрмас тегін кепиетім,-
Кез болды бастан бақыт кетіретін,
Нан-иман, ұмыттыңдар иман атын, Әдетің өткізіп ап, өкінетін...